Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 км жерде вахталық автобус аударылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Көлікте 50 адам болған. ТЖМ құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
ТЖМ әуе кемесімен 3 зардап шеккен адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері вахталық көлікте жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандары 30 адамды облыстық ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ” ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару және жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жағдай ТЖМ бақылауында.