Malim.kz
Оқиға

Қарағанды облысында 83 жастағы қария үш күннен кейін табылды

Мадина Қайнарова

Шахтинск қаласының маңындағы Новодолинка кентінің 83 жастағы тұрғыны үш күн бұрын жоғалып, іздеу салынған еді.


Ол 9 қыркүйекте саяжайда тұратын құрбысының үйінен шығып, адасып қалған. Оны үш күн бойы құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.

Зейнеткер аман-есен табылды. Анықталғандай, ол жол таба алмай, дала кезіп кеткен.  Қария кенттен төрт шақырым жерден іздеушілер назарына шалынған.

Фото: ТЖМ

Мадина Қайнарова
Автордың басқа материалдары