Malim.kz
Оқиға

Қарағанды облысында бірнеше үй қызыл жалынға оранды

Malim Админ

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентіндегі тұтанған өрт салдарынан бірнеше үй қызыл жалынға оранды. Оқиғаның егжей-тегжейін  ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.


"Түнде Осакаров ауданының Молодежный кентінде бір қабатты екі пәтерлі жеке тұрғын үй өртенді, содан кейін от жақын орналасқан бір типті ғимаратқа өтті", - деп жазылған хабарламада. Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен өшірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Фото: inbusiness.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары