Malim.kz
Оқиға

Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

Мәди Саматұлы

Шұбаркөл станциясының «Шұбаркөл Көмір» АҚ жеке кірме жолында 3 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚТЖ мәлімдеуінше, оқиға 3 қарашаға қараған таңғы сағат 03.45-те болған.

Құрамды жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі. Оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ, деп жазылған ҚТЖ мәлімдемесінде.

Фото: ҚТЖ

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары