Malim.kz
Құқық

Қарағандыда 8 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

Айбын Атабай
Liter.kz

Қарағанды облысының прокуратурасы денсаулық жағдайы жол қозғалысына қауіпсіз қатысуға кедергі келтіретін жүргізушілердің көлік жүргізу құқығын тоқтатуға қатысты заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Прокурорлардың талап-арыздары бойынша бүгінгі күні 8 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, — делінген прокуратураның хабарламасында.
Тағы 36 талап-арыз сотта қаралып жатыр.

Сонымен қатар прокурорлар полиция органдарының атына 11 талап-арыз енгізді, заң бұзушылықтарды жою аясында 350 жүргізушіге қатысты талап-арыздар қаралып жатыр.

Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіптерді азайтуға бағытталған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары