Malim.kz
Оқиға

Қарағандыда аттракцион құлап, екі адам жарақаттанды

• Мадина Қайнарова

Қарағандының орталық саябағында «Тікұшақ» аттракционында кабина құлады. Ішінде отырған екі адам жарақат алды.

Бұл туралы Телеграмдағы «Патриот» арнасы хабарлады.  

Жедел жәрдем дәрігерлері  25 жастағы әйел мен 2 жасар қыз баланың миы шайқалып, жарақаттанғанын айтты. Екеуі ауруханаға жеткізілді.

Иесінің айтуынша, маусым басталмас бұрын, яғни мамыр айында  аттракцион техникалық сараптамадан өткен.

- Бізге рұқсат берілді, аттракцион қауіпсіздік талаптарына толықтай сәйкес болатын. Рұқсатты лицензиясы бар компания берді. Барлық құжаттарымыз дұрыс,  - деді ол.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Фото: patriotkaragandy (видеодан скрин)

Мадина Қайнарова
Автордың басқа материалдары