Malim.kz
Оқиға

Қарағандыда бозбала аулада ойнап жүрген 8 жастағы баланы пышақпен қуалаған

Айбын Атабай
istockphoto.com

Қарағандыда 12 жастағы жасөспірім тұрғын үй ауласында 8 жасар баланы пышақпен қуалаған. Оқиға туралы ақпарат полицияға 17 мамыр күні түскен, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз жасөспірімнің қолына пышақ ұстап, баланың соңынан жүгіргені туралы хабарлама түскеннен кейін тәртіп сақшылары дереу тексеру жүргізген.

Анықталғандай, 8 жастағы бала үйіне қайтып бара жатқан сәтте көрші тұратын 12 жастағы жасөспірім оны пышақпен қуған.

Полицейлер күдіктіні жедел тауып, ата-анасымен бірге бөлімшеге жеткізді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екі баламен де психологтың қатысуымен профилактикалық жұмыс жүргізілген. Қазіргі уақытта тараптардың бір-біріне қояр шағымы жоқ.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары