Malim.kz
Оқиға

Қарағандыда тағы бір жасөспірім суға батып кетті

Айбын Атабай
Pexels

Қарағанды қаласындағы жасанды су айдынында қайғылы жағдай болды. 17 маусым күні демалуға және шомылуға арналмаған, жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде 2010 жылы туған жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz cайтына сілтеме жасап. 

Құтқару қызметтерінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың денесі жағалаудан сегіз метр қашықтықта, төрт метр тереңдіктен табылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде судағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі дәл шомылуға арналмаған орындарда болатынын еске салды.

— Өкінішке қарай, тұрақты түрде жүргізілетін ескертулерге қарамастан, тұрғындар жабдықталмаған әрі шомылуға тыйым салынған орындарда демалуды жалғастырады. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, бейтаныс су айдындарына түспеуге, өз мүмкіндіктерін асыра бағаламауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап, қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі, — деп атап өтті Қарағанды облыстық ТЖД өкілдері.

Құтқарушылардың айтуынша, суға түсуге тек арнайы жабдықталған жағажайлар мен демалыс орындарында ғана рұқсат етіледі. Ондай жерлерде адамдардың су жағасында қауіпсіз демалуына қажетті барлық жағдай жасалған.

Айта кету керек, бұл шомылу маусымы басталғалы өңірдегі су айдындарында болған үшінші қайғылы оқиға.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары