Malim.kz
Оқиға

Қарағандыда жас жұбайлар сайлау учаскесіне той көйлегімен келді (ВИДЕО)

• Мәди Саматұлы

Қарағандыда бүгін ғана некесін қидырып, отау құрған жас жұбайлар дауыс беруге келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жас жұбайлар Асылхан Төлегенов пен Сәбина Болатова № 73 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген. Той көйлегімен жүрген жас жұбайлардың әрекеті әлеуметтік желіде жарияланды.

Айта кетейік, Қарағанды облысы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша еліміздегі ең белсенді дауыс беріп жатқан өңір болып саналады. Дауыс беру басталғалы 3 сағат ішінде облыстағы дауыс беру құқығы бар азаматтардың 30%-ы бюллетень алған.

Фото: скриншот

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары