Malim.kz
Құқық

Qarakesek тағы қамауға алынуы мүмкін - ІІМ

Malim Админ

Полиция танымал рэп-орындаушы Qarakesek-ке қатысты есірткі сақтады деген күдікпен соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Омар Амантаев (Qarakesek) Ақтөбеде ұстағаннан кейін әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот оны көлікті мас күйде басқарғаны үшін кінәлі деп тапқан. Ол 15 тәулікке қамауға алынды, сонымен қатар, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Егер музыкант есірткіні заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылса, оған 160 АЕК-ке дейін (2025 жылы - 629 120 теңге) айыппұл немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар не болмаса 40 тәулікке дейінгі қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұған дейін рэпер тек әкімшілік қамауға алынғаны хабарланған болатын. Есірткі сақтау дерегі жөнінде полиция айтпаған еді.

Еске салайық, ол қыркүйектің басында ұсталған болатын. Одан ұнтақ тәрізді заты бар зип пакет табылған.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары