Malim.kz
Денсаулық

Қасбеті құлаған тұрғын үй: зардап шеккендердің жағдайы ауыр

Айбын Атабай
pixabay.com

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде кірпіш қаптаманың құлауы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлім берді, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ге сілтеп. 

Фельдшердің жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатқан екінші науқастың жағдайы ауыр. Тағы үш науқас мамандандырылған бөлімшелерде ем алып жатыр: екеуінің жағдайы жақсарып келеді, ал біреуі орташа деңгейде, — делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 8 қараша күні астананың Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптама мен кондиционер құлады.

Оқыс оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде екі фельдшер жарақат алды. Жансақтау бөлімінде жатқан фельдшердің жағдайы әлі де ауыр. Тағы бір фельдшердің жағдайы орташа. Ол қазір нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары