Malim.kz
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Malim Админ

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Фото: Ақорда
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары