Malim.kz
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

• Malim Админ

Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.



Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.

Фото: Ақорда

Malim Админ
Автордың басқа материалдары