Malim.kz
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады

Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың баcпасөз қызметі.

Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Фото: Ақорда 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары