Malim.kz
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Malim Админ

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде  ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

- Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды, – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Malim Админ
Автордың басқа материалдары