Malim.kz
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады

Malim Админ

22-23 тамыз күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады.


Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Фото: Aqorda.kz 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары