Malim.kz
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Malim Админ

Мемлекет басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.

Фото: Ақорда 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары