Malim.kz
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Malim Админ

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті. 

Фото: Ақорда

Malim Админ
Автордың басқа материалдары