Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін «Ынтымак Ордо» резиденциясына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
Айта кетейік, Президент ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды.
Бүгін, 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтеді.