Malim.kz
Экономика

Қатонқарағайда «Berel-Rais» демалыс орны ашылды

Malim Админ

Аймақта туристердің саны да айтарлықтай артып келеді.

Осыған байланысты жеке туристік кәсіпкерліктің рөлі күшейіп, қонақ үйлер мен туристік демалыс орындары көптеп бой көтеруде.

Мәселен, Берел ауылының тұрғыны Бейімбет Көксегенов «Berel-Rais» демалыс мекенін ашып, қонақтарды қабылдап жатыр.

Мұнда 20 орындық қонақ үй, асхана, монша және басқа да қызметтер ұсынылып, туристер үшін барлық жағдай жасалған.

Демалыс орны аймақтағы туризмнің дамуына елеулі үлес қосып, келушілерге ыңғайлы әрі жайлы демалыс ұсынуда.

Фото: Жеке мұрағаттан
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары