Malim.kz
MALIMet

Қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ. 24 қарашада ауа райы қандай болады?

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

24 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. "Қазгидромет" болжамынша, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жауын-шашын мол түседі. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі, бірқатар өңірде көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Үш мегаполистегі ауа райы

Астанада кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде −1…+1, күндіз +2…+4 градус болады.

Алматыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кешке тұман түседі. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Нақтыланған біркүндік болжам бойынша, түнде +7…+9, күндіз +15…+17 градус жылы болады.

Шымкентте жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, түнде екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде +9…+11, күндіз +12…+14 градус болады.

Барлық 17 облыстағы болжам

Абай облысында жаңбыр жауады. Оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, желдің екпіні секундына 24–29 метрге дейін күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігі мен тауларында жауын-шашын күшейіп, жел екпіні секундына 24–29 метрге жетеді.

Ақмола облысында түнде оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр мен қар жауады. Тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Қостанай облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Қарағанды облысында түнде батысында қатты жауын-шашын күтіледі. Бірқатар ауданда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ұлытау облысында батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Шығысында жел екпіні секундына 15–18 метрге жетеді.

Алматы облысында оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тұман түсіп, жел екпіні секундына 18–23 метрге жетеді.

Жетісу облысында таулы аудандарда жаңбыр мен қар, кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі.

Жамбыл облысында таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Жел екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысында батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Жел күшейеді.

Қызылорда облысында солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында түнде негізінен жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі. Күндіз жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары