Malim.kz
Шоу-бизнес

“Қатын құсап осының керегі не?”: Диана Скатованың жолдасы тойбастар үшін сынға қалды

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz/ Жи арқылы өңделген

Танымал тележүргізуші Диана Скатова мен оның жолдасы Сұлтан Нұрбектің үлкен тойда қонақтарға таратқан тойбастары әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Диана Скатова парақшасында тойбастардың тарихы мен оның мән-мағынасы туралы бейнежазба жариялаған. Ал ерекше сыйлықты таныстырып, оның ішіндегі заттарды көрсеткен - жолдасы Сұлтан Нұрбек.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі ер адамның тойбастарды өзі таныстырғанын сынаса, енді бірі сыйлықтың ішіндегі заттарға қатысты пікір білдірді.

"Алла сақтасын, қатын құсап осының керегі не?", "Күйеу жігіттің тойбастар туралы айтқанын бірінші рет көріп тұрмын", "Осы тойбастар ұнамайды", "Қазақ үй беріп жатыр ма десем, ішінен кішкентай бір зат қана шықты", "Әдемі, бірақ не сыйлады?", "Ішіндегі кәмпит пе? Бриллиант қайда?" — деп жазды оқырмандар.

Дегенмен жүргізушіні қолдағандар да табылды. Кейбір желі қолданушылары мұндай тойбастарды бұрын көргендерін айтып, оның ерекше әрі әдемі жасалғанын атап өтті.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары