«Жас қалам – жаңа роман» жобасының негізінде жарық көрген кітаптар көпке ұсынылды. Жазушылар одағының бастамасымен жарияланған байқауға 9 қатысушы өтініш білдірген, деп хабарлайды Malim.kz.
Үміткерлер арасынан Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл», Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам», Әлібек Байболдың «Мұтылған» романы үздік деп танылып, оқырманға жол тартты.
Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.
Бұған дейін «Жұмбақ кітап», «Ағаш адам» атты әңгімелер жинағым жарық көрді. Ал көлемді шығарманы бірінші рет жазып отырмын. Алғашқы романым деп айтуға толық негіз бар, – дейді жазушы Мақсат Мәлік.
Фото: Facebook