Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасы олимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын ала алмады. Токио олимпиадасы біздің боксшылар үшін сәтсіз аяқталды. Бас бапкер Ғалымбек КЕНЖЕБАЕВ Жапонияға толық құрамда аттанған еді.
Сәкен БИБОСЫНОВ (52 келі)
Серік ТЕМІРЖАНОВ (57 келі)
Зәкір САФИУЛЛИН (63 келі)
Абылайхан ЖҮСІПОВ (69 келі)
Әбілхан АМАНҚҰЛ (75 келі)
Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВ (81 келі)
Василий ЛЕВИТ (91 келі)
Қамшыбек Қоңқабаев (91+)
Өкінішке қарай алтын жүлде алады деген басты фаворит Бекзат Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жегінде ресейлік қарсыласы Имам ХАТАЕВТАН жеңіліп қалды. Жүлдеден дәмелі делінген Василий Левит пен Абылайхан Жүсіпов те олимпиадамен ерте қоштасты. Сонымен ХХХІІ жазғы олимпиадада қазақ боксшылары екі қолға ғана қол жеткізді. Олар: Қамшыбек Қоңқабаев және Сәкен Бибосынов.
- Мен сізден сын күтіп отырғаным жоқ. Өз пікіріңізді білдірсеңіз.
- Жақсы, бауырым. Менің айтарым осы.
Қазақ боксына үлкен еңбек сіңірген, әлемнің екі дүркін чемпионы, олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік СӘПИЕВТІҢ жеке бапкері болған Александр СТРЕЛЬНИКОВҚА да қоңырау шалдық. Білікті бапкер шәкіртінің бұл күнде спорт комитетінің басшысы екенін ескерді ме, әйтеуір бізбен сөйлесуге аса ынталы болған жоқ.
«Мен боксшылардың Токиодағы өнеріне қатысты пікір білдіре алмаймын. Себебі дайындық барысынан хабарсызбын», - деп қысқа қайырды Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Александр Стрельников.
Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт СӘРСЕКБАЕВТЫҢ пікірінше, үкімет боксқа жақсы қолдау көрсетіп жатыр. Тиісті қаражат бөлінеді. Жаттығу базалары жеткілікті. Чемпион бапкерлер құрамын жаңарту керек деп есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев. Оның бапкерлік тәжірбиесі 35 жыл. Қазақстандағы ең даңқты боксшы Геннадий ГОЛОВКИНДІ 1998-2005 жылдары жаттықтырған. Алайда, қазір ұлттық құрамамен ең төмен нәтиже көрсеткен бапкер болып тұр.
Сәрсекбаев сынға алған ұлттық құрама бапкерлер штабында Мырзағали АЙТЖАНОВ, Нұрлан АҚҮРПЕКОВ, Марат ЖӘКИЕВ, Болат ӘБДІРАХМАНОВ, Марат МАНАШЕВ, Асқар ЕРКЕБАЕВ, Бауыржан АМАНБАЕВ және дәрігер Ғалым НҰРМАХАМБЕТОВ бар.
Ұлттық құраманың бас бапкері Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы баспасөз мәслихатын берді. Айтуынша, боксшылар Токиоға өте жақсы дайындықпен барған. Психологиялық қысымға тап болған дейді. Бас бапкерге журналистер тарапынан «отставкаға кетесіз бе?» деген сауал қойылды.
Оңтүстік Корея, Түркия, Ирак, Венгрия құрамаларын жаттықтырған бапкер, Атланта олимпиадасының қола жүлдегері Болат НИЯЗЫМБЕТОВ барлық кінәні бапкерлерге арта беруге болмайды. Бокс әлемде қарқынды түрде дамып жатыр дейді.
«Токиодағы додада әлем, олимпиада чемпиондары да ұтылып жатыр. Бапкерлер мен жеке бапкерлерді кіналай беруге болмайды. Алғаш қатысып жатқан спортшылар қиналды. Сол командаға әсер етеді. Қазір әлемде бокс қатты дамып жатыр. Бірнеше елдің құрамасын жаттықтырған маман ретінде айтып тұрмын. Біз негізі тойынғанбыз. Қоланы менсінбейтін дәрежеге жеттік. Ал қазір қоламыз алтындай болып отыр. Бірақ олимпиада қоласын жеңіп алу да оңай емес қой. Мен Атланта олимпиадасының қоласын алғанмын. Бізді ұмытып та кетті. Қазір бокс ластанып та кетті. Рингтен төбелесті де көріп жатырмыз. Токиода қазылар жұмысы АИБА дан қарағанда таза болды деп айтуға болады», - деді Болат НИЯЗЫМБЕТОВ.
Тәуелсіздік алғалы бері қазақ боксшылары олимпиада ойындарынан алтынсыз қайтып көрмеген. 1996 жылы Атлантада Василий ЖИРОВ чемпион болса, 2000 жылы Сиднейде Бекзат САТТАРХАНОВ пен Ермахан ЫБРАЙЫМОВ қос алтынмен қуантты. 2004 жылы Афинада Бақтияр АРТАЕВ олимп шыңын бағындырса, 2008 жылы Бейжіңде Бақыт СӘРСЕКБАЕВ чемпион болды. 2012 жылы Лондонда күллі әлем Серік СӘПИЕВТІҢ шеберлігіне тән болды. 2016 Риода жеңіс жолын Данияр ЕЛЕУСІНОВ жалғаған еді. Енді қазақ боксы қола дәуірге тап болғандай.
Фотолар ғаламтордан алынды.