Malim.kz
Спорт

Қазақ спортшысы Қытай атынан Олимпиадаға қатысады

Арман Қайыпхан
Фото: Синьхуа


Қытайда туып-өскен ұлты қазақ спортшы Ақнар Адақ Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қандасымыз Милан Олимпиадасында әйелдер арасында командалық конькимен жүгіру жарысында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Конькиші Ақнар Адақ — Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген.

Бірнеше мәрте Қытай чемпионы, қысқы Азия ойындарының және басқа халқарылқ жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар, ол Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақнар Адақ Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары