«Қазақмыс» Тобы жұмыскерлерінің шипажайлық-курорттық емделу шығынын өтеу бағдарламасын жүзеге асыруда. 2026 жылы осы мақсатқа 407,8 млн теңге қарастырылды. Бұл қаражат Топ компанияларында еңбек ететін 3 490 жұмыскердің емделу шығынын өтеуге мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері аталған өтемақыны 970 жұмыскер алды. Төлемнің жалпы сомасы 92,6 млн теңгені құрады. Бағдарлама қызметкерлердің денсаулығын сақтауға, аурудың алдын алуға және өндірістегі жұмыстан кейін ағзаны қалпына келтіруге бағытталған.
«Қазақмыс» Тобы компанияларының әрбір жұмыскері бұл бағдарламаны жылына бір рет пайдалана алады. Қызметкер Қазақстан аумағындағы шипажайды өз бетінше таңдап, емдеу курсынан өтеді. Одан кейін жұмсалған шығынның бір бөлігін өндіріп алу үшін қажетті құжатты тапсырады.
Бағдарламаның қолжетімділігін арттыру мақсатында өтемақы беру шарты жетілдірілді. Жұмыс беруші тарапынан өтелетін ең жоғары сома 20 АЕК-ті құрайды және шипажайлық-курорттық емделу құнының 50%-на дейінгі бөлігі өтеледі.
Кәсіподаққа мүше қызметкерлер өз кәсіподақ ұйымы есебінен қосымша өтемақы ала алады. Кейбір жағдайда өтелетін қаражаттың жалпы көлемі 40 АЕК-ке дейін жетеді.
2022 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан бағдарлама жұмыскерлер арасында жоғары сұранысқа ие. Осы кезеңде 11 734 жұмыскер шипажайлық-курорттық емделу шығынының өтемақысын алды. Бағдарлама бойынша төленген қаражаттың жалпы сомасы 975,5 млн теңгені құрады.
Жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған бағдарламаларды дамыту «Қазақмыс» Тобының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. 2026 жылы компанияның әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруға 11,8 млрд теңге қарастырылды. Қаражат жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау және еңбек жағдайын одан әрі жақсарту шараларына бағытталады.