Malim.kz
MALIMet

Қазақмыс Жамбыл облысында 800 млн теңгеге әлеуметтік нысандар салады

Алуа Әшірбекова

Жамбыл облысының Шу ауданында 2026-2027 жылдарға арналған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен жергілікті әкімдік арасындағы жыл сайынғы меморандумда көрсетілген негізгі әлеуметтік жобаларды іске асыру аяқталуға жақын. Компания ауылдық спорт алаңдары мен балабақшалардан бастап көшелерді жарықтандыру мен ірі спорт кешендеріне дейінгі тоғыз жобаны қаржыландырды. Аудандағы бағдарламаның жалпы бюджеті шамамен 800 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірлік ауылында саябақ көгалдандырылды, қазіргі уақытта орталық аумаққа «Домбыра» ескерткіші орнатылып, абаттандыру жұмысы жүргізілуде. Бұл жобаға 12,6 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні тас жабыны төселіп, қоршау қойылды,  ал ескерткіш жұмыстың соңғы кезеңінде орнатылады. Іске асырылып жатқан жобалардың жалпы құны 22,6 млн теңгені құрайды. 

Бірнеше елді мекенде спорт және балалар алаңдары жабдықталуда. Атап айтқанда, Қонаев ауылында 34,7 млн теңгені құрайтын жоба аясында шағын-футбол алаңы мен оған жапсарлас балалар ойын алаңы салынуда. Мұнда сыртқы қоршау қойылып, тартан жабыны төселді. Көкқайнар ауылындағы мектеп аумағында шамамен 20 млн теңгеге спорт алаңдары жабдықталуда, көгал жабыны төселіп, жаңа волейбол және баскетбол алаңдарына арналған қоршау жөнделуде. Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша Бірлікүстем ауылында 25,5 млн теңгеге алты көшеге жарықтандыру жұмысы жүргізілді. 

Сонымен қатар меморандум аясында Шу қаласында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Жобаның құны 627 млн теңгені құрайды. Іс барысында 25 млн теңгеге Қонаев ауылындағы балабақша жөнделеді және 15 млн теңгеге Шоқпар ауылында абаттандыру және көгалдандыру жұмысы жүзеге асырылады.

Әкімдікпен бірлескен өзара іс-қимылдың дәл осы форматы компания қызмет ететін өңірлердегі ауылдық инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалып, мектеп спортын дамытуға қолдау көрсетіледі және тұрғындардың күнделікті тұрмыстық қажеттілігін шешуге бағытталған жұмыс орындалады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары