Malim.kz
Спорт

«Қазақша айтасыз ба, түсінбей жатырмын». Қазақстандық дзюдошы сұрақты қазақша қоюды сұрады

Malim Админ

Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Әбдірахмановтың орысша сұрақты түсінбей, қазақшалап қоюын сұрады. Оның бұл сәті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Астанада өткен дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінде 73 келіде белдескен еді. Жарыстың екінші күнінде татамиге шыққан ол қола жүлде жеңіп алды. Белдесуден соң балуан тілшілер сұрағына жауап беруге шыққан сәтте орысша сұрақты түсінбейтінін айтып, қазақшалап қоюды сұрады. Сөйтіп, тілшінің сұрағын қасындағылар ана тілімізге аударып беруге мәжбүр болды.

Айта кетейік, ол жарыс жолында әуелі ирландиялық Джошуа Гринді жеңген еді. Екінші күнгі белдесулерде Франция, Монтенегро және Оңтүстік Корея спортшыларынан басым түсті. Ал ширек финалда осы салмақтағы көшбасшылардың бірі, Үлкен дулыға турнирін 4 рет ұтып алған Махмадбек Махмадбековті (AIN) де айқын басымдықпен ұтты. Тек жартылай финалда ғана ресейлік дзюдошыға есе жіберді.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Malim Админ
Автордың басқа материалдары