Malim.kz
Экономика

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Арман Қайыпхан

2022 жылдан бері "follow the money" қағидаты бойынша жұмыс істеп келе жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекетке жалпы сомасы 1,13 трлн теңге болатын активтер мен қаражатты қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның ішінде 297,5 млрд теңге шетелден – Австрия, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркиядан қайтарылған.

Биыл Антикор бірнеше қылмыстық іс бойынша сот процестерін өткізді. Атап айтқанда, 22 сәуірде "Астана Банкі" АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылып, 14 млрд теңгеден астам мүлкі тәркіленді.

Тергеу тек ел ішінде емес, шетелде де жүргізілуде. Мәселен, Жетісу облысында білім саласындағы ұрлық ісі бойынша тергеу барысында шетелдік банк деректері табылып, халықаралық қаржы барлау желісі арқылы күдікті мен оның туысына тиесілі есепшоттар мен ақша қозғалысы анықталды. Ақшаны бұғаттау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды.

Антикор мәліметінше, күдіктілер активтерін жиі жақын туыстарының атына рәсімдейді:

Антикор қызметі заңсыз иемденілген активтерді қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Фото: pixabay.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары