Malim.kz
Экономика

Қазақстан 60 критикалық минералдың 20-сы бойынша өнім жеткізе алады

Айгүл Таңатар
https://eurasia.today

Қазақстан 60 критикалық минералдың 20-сы бойынша дайын өнім жеткізу мүмкіндігіне ие. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік бұл көрсеткіштің АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) белгілеген 60 критикалық минерал тізіміне қатысты екенін хабарлады.

Ал Қазақстан мен Еуропалық одақ критикалық шикізат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті. Тараптар осы бағыттағы жол картасын іске асыруды жалғастыруға уағдаласты.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары