Malim.kz
Білім-ғылым

Қазақстан әскері қашан толық қазақша сөйлейді?

Malim Админ

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі ана тілдің жағдайына қатысты сауал қойды. Мәселе әскер және әскери оқу орындарындағы оқулықтардың дені орыс тілінде болып отыр, - деп хабарлайды Malim.kz.  


Әскерді қазақшалау басталып кеткен. Бүгінде әскери оқу орындарында 70% қазақ тілінде білім беріледі. Оқулықтарға келсек, әрбір әскери техниканың нұсқаулығы, техникалық мінездемесі қазақ тілінде. 70 пайыздан көтеру жоспарда бар, - деп қысқа қайырды министрдің орынбасары. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қорғаныс министрлігі Кенесары хан, Сағадат Нұрмағамбетов пен Бауыржан Момышұлының соғыс тәсілдерін зерттеп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңы мен «2024 жылғы 14 ақпандағы БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды.

Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Malim Админ
Автордың басқа материалдары