Malim.kz
Саясат

Қазақстан атауы өзгермейтін болды ма? – Лама Шариф Тоқаевтан сөгіс алды

Malim Админ

Мысырдағы елші Қайрат Лама Шарифтің Қазақстанның атын ауыстыру туралы  ұсынысы Тоқаевқа  жақпай қалған сияқты. Президент елшіге сөгіс жариялады.   БОРТ №1 Телеграм-арнасынаның хабарлауынша, Қ.Лама Шариф Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Елші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, мемлекет атауындағы "стан" жұрнағын алып тастау керек деп есептейінін жазған.

«Бүгінгі таңда 193 мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылады. Олардың қатарында 7 мемлекеттің атауы «стан» жұрнағымен аяқталады: Afghanistan, Kazakhstan, Kyrgyzstan, Pakistan, Tajikistan, Turkmenistan және Uzbekistan. Стан – парсы сөзі, ел деген мағына береді. Сөздің шығу төркініне үңілсек, жер (land) деген ұғымға да сай келеді. Ирандықтар провинцияны («Остан») дейді. Остан мен Астана – түбірлес сөздер», – делінген жазбада.

Елші Ата Заңға өзгеріс енгізер шақта өзінің ұсынысына құлақ асылса деген болатын.  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары