Malim.kz
Спорт

Қазақстан боксшылары Испаниядағы турнирде 17 медаль жеңіп алды

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

Испанияда өткен Boxam Elite-2026 халықаралық бокс турнирінде Қазақстан құрамасы алты алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жалпы қазақстандық боксшылар жарысты 17 жүлдемен аяқтады.

Алтын медаль жеңіп алғандар қатарында Санжар Ташкенбай (50 кг-ға дейін), Махмуд Сабырхан (55 кг-ға дейін), Торехан Сабырхан (70 кг-ға дейін), Нұрбек Оралбай (85 кг-ға дейін), Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары) және Умида Садыкова (80 кг-нан жоғары) бар.

Күміс жүлдені Аман Қонысбеков (75 кг-ға дейін), Сағындық Тоғамбай (90 кг-ға дейін), Нұрасыл Асылхан (90 кг-нан жоғары), Панар Сейітханқызы (80 кг-нан жоғары) және Назерке Серік (65 кг-ға дейін) жеңіп алды.

Қола медаль Тимур Нурсеитовке (75 кг-ға дейін), Азамат Бектасқа (80 кг-ға дейін), Нұрбек Мұрсалға (70 кг-ға дейін), Нұрзат Оңғаровқа (50 кг-ға дейін), Гузаль Садыковаға (80 кг-ға дейін) және Элянур Тұрғановаға (48 кг-ға дейін) бұйырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары