Malim.kz
Саясат

Қазақстан Chevron-мен ынтымақтастықты жалғастырады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы мұнай мен газды игеру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға Chevron корпорациясының қосқан үлесіне жоғары берді.

«Сондай-ақ Қазақстан тарапының шикізатты өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшелері Джимми Панеттамен, Кэрол Миллермен, Билл Хайзенгамен және Сидни Камлагер-Давпен кездескен болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары