Malim.kz
Саясат

Қазақстан Донецк пен Луганск республикаларын мойындамайды

• Айшолпан КЕРІМ

Қазақстан Донецк пен Луганск республикаларын мойындамайды. Мұны сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

— Біз қазір Луганск халық республикасын да, Донецк халық республикасын да мойындамаймыз. Барлық санкция Еуропалық Одақ пен АҚШ тарапынан Ресейге қарсы бағытталған. Біз бұл санкцияларға қосылмаймыз, — деді ол.

Министр сөзінше бұл санкциялар еліміздің экономикасына кері әсерін тигізбеуі керек. Сондай-ақ Қазақстан аумағы осы санкциялардан айналып өтуге қолданылмауы тиіс.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары