Malim.kz
Спорт

Қазақстан дзюдошылары Душанбе турнирін жалғыз жүлдемен аяқтады

Сабина Асқарқызы
ҚР дзюдо федерациясы

Тәжікстанның Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өкінішке қарай, ұлттық құрама балуандары бұл байрақты бәсекеде бір қола медальға ғана қол жеткізді. 60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген болатын. 

Сондай-ақ Асқар Нарқұлов (81 келіге дейін) және Даниил Крылов (90 келіге дейін) қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды. Осылайша қос балуан жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Айта кететін жайт, 8-10 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 өтеді. Астана татамиінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтинг көшбасшылары бақ сынайды деп күтіліп отыр. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары