Malim.kz
Спорт

Қазақстан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан құрамасы жарысты екі медальмен қорытындылады.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде 4×400 метрлік аралас эстафетада Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс чемпион атанып, 3:16.75 нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Анна Шумило, Мария Шувалова, Аделина Земс және Александра Залюбовская мәреге төртінші болып жетті. Алайда Шри-Ланка құрамасы жарыс ережесін бұзғаны үшін жарыс қорытындысынан шеттетілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары