Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Варнада (Болгария) өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық құрама сапына төрт спортшы енді. Төменде жарысқа қатысатын гимнастардың тізімі берілген.
Оның ішінде, Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар), Нұртан Ыдырысов (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар), Роман Хегай (ат снаряды, қоссырық және кермедегі жаттығулар), Асан Сәлімов (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар) сынды атлеттер бар.
Аталған турнир 7-10 мамыр аралығында өтеді. Бұған дейін қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болған еді.