Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Турнирдің алғашқы күнінде грек-рим күресінен жеті салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Қазақстан құрамасы төрт медаль еншіледі. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қуанышбек Жаңажол алтын медаль жеңіп алды. Ал 110 келіге дейінгі салмақта Арыстан Темірғали күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ Әли Алмас (45 келіге дейін) пен Датқа Лесбек (48 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.