Шолпан-Атада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан өткен финалдық бәсекеде Қырғызстан құрамасы Қазақстанды 7:2 есебімен жеңді, деп Malim.kz тілшісі, Bairaq Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша Қырғызстан құрамасы өз тарихында алғаш рет көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Ал Қазақстан құрамасы жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ көкпаршылары көк бөріден Қырғызстан құрамасын 12:0 есебімен жеңген еді. Алайда финалдық кездесуде қарсылас басым түсіп, алтын жүлдені еншіледі.