Malim.kz
Саясат

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

• Malim Админ

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы үкіметтің кепілдігімен Қытайдан 200 миллион доллар қарызға алмақ.

«ҚР үкіметі "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қытайдың экспорттық-импорттық банкіне $199,7 млн-ға мемлекеттік кепілдік ұсынуды жоспарлап отыр», - делінген қаржы миниістрлігінің ресми сайтында жарияланған үкімет қаулысында.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік кепілдік Нұр-Сұлтан қаласындағы Қабанбай батыр даңғылын жөндеуден өткізу және салуға беріледі.

Бұған дейін, Қабанбай батыр даңғылының Салтанат Сарайы мен әуежай арасындағы аумағын жөндеуден өткізуге байланысты Қытайдан қарыз алу мәселесі БАҚ-та қызу талқыланып, әлеуметтік желі пайдаланушылары оған қарсылықтарын білдірген.

Ұлттық Банктің 2021 жылғы статистикасы бойынша, Қазақстанның Қытай алдындағы қарызы 4,9 миллиард долларды құраған.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары