Malim.kz
Білім-ғылым

Орта мектептерде екі пәннің атауы өзгереді

Айгүл Таңатар
https://qazaly.kz

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде жасанды интеллектіні оқытуға басымдық беріліп, екі пәннің атауы өзгереді, деп хабарлайды Malim.kz.


Оқу-ағарту министрлігі оқу бағдарламаларын жаңарту аясында 1-4-сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәнін «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5–11-сыныптардағы «Информатика» пәнін «Информатика және жасанды интеллект» деп өзгертеді.


Жаңартылған оқу мазмұнына жасанды интеллектке қатысты 43 жаңа оқу мақсаты енгізілген. Оқушылар цифрлық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және технологияларды жауапкершілікпен қолдану дағдыларын меңгереді.


Бағдарламаға сәйкес:
1-4-сыныптарда оқушылар жасанды интеллект туралы бастапқы түсінік алады;
5-9-сыныптарда ЖИ құралдарын оқу барысында пайдалану, тиімді сұраныс (prompt) құрастыру және киберқауіпсіздік негіздері оқытылады;
10-11-сыныптарда машиналық оқыту, нейрондық желілер және деректерді талдау бағыттары тереңдетіледі.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары