Malim.kz
Саясат

Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында визасыз режим мәселесі қашан шешіледі?

Айбын Атабай
istockphoto.com / alexis84

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропа Одағымен визасыз режим бойынша келіссөздер қай сатыда екенін айтты. 

«Осы жыл ішінде түпкілікті келісімге қол жеткізе аламыз деп үміттенеміз. Негізінде, біз қазір финалдық кезеңге келіп қалдық. Бірақ бұл халықаралық қатынастар мәселесі, кез келген келіссөз кімнің жеңетіні туралы емес, екі тараптың өзара келісім мен консенсусқа қалай қол жеткізе алатыны туралы», – деді Көшербаев Мәжіліс кулуарында.

Министр қос тарап үшін визасыз режимді қауіпсіз және өзара тиімді енгізуді қамтамасыз ететін келісілген шарттар мен форматты әзірлеу басты мақсат екенін атап өтті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары