Malim.kz
Саясат

Қазақстан мен Израиль тікелей рейстер жайын талқылады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог арасындағы келіссөздер екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты, деп хабарлайды Malim.kz.

Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері дамып келе жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, ынтымақтастық саяси, экономикалық және инвестициялық салаларды қамтиды.

Сондай-ақ ол Авраам келісімдері маңыздылығына тоқталды.

«Біз Авраам келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі жақын болашақта Астанада өтуі мүмкін деп санаймыз», — деді Тоқаев.

Ицхак Герцог өз кезегінде екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуетінің артып келе жатқанын мәлімдеді.

«Тауар айналымы мен іскерлік байланыстарды екі, тіпті үш есеге дейін арттыруға мүмкіндік бар», — деді ол.

Израиль Президенті қарым-қатынасты дамыту бойынша нақты қадамдарға да тоқталды.

«Біз тікелей әуе рейстерін іске қосуға мүдделіміз», — деп атап өтті Герцог.

Сонымен қатар, ол қосарланған салық салуды болдырмау туралы құжатты қоса алғанда, бірқатар келісімдер дайындалып жатқанын жеткізді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары