Malim.kz
Саясат

Қазақстан мен Кения президенттері Smart City жүйесінің жұмысымен танысты

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, елдің басты технологиялық хабы саналатын кешеннің әлеуетімен танысты.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттер басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.

Президенттерге Astana Smart City жүйесі және оның бейнеталдау, қоғамдық қауіпсіздік, көлік ағыны мен қалалық қызметтерді онлайн режимде үйлестіру салаларындағы мүмкіндіктері баяндалды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары