Malim.kz
Саясат

Қазақстан мен Перу сотталғандарды экстрадициялау туралы келісімге келді

Айбын Атабай
senate.parlame.kz

Бүгін Сенат Перумен қылмыстық істерге қатысты үш келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжаттар аясында тараптар ақпарат алмасып, қылмыскерлерді ұстау және сотталған азаматтарды өз елдеріне қайтару тәртібін жүзеге асыратын болады.

Бұл келісімдер қылмыс екі мемлекетте де заңға қайшы болған жағдайда қолданылады. Сондай-ақ, жаза мерзімі кемінде 6 айды құрауы және екі тараптың келісімі қажет.

 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары