Malim.kz
Экономика

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Арман Қайыпхан

Роман Скляр мен РФ энергетика министрі Сергей Цивилев энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы Санкт-Петербург халықаралық газ форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен келіссөздер жүргізді.

Кездесуде жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Тараптар энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ниетті.

Фото: Үкімет

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары