Malim.kz
Саясат

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 5,4 миллиард доллардан асты

Сабина Асқарқызы
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиында Мемлекет басшысы былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 миллиард доллардан асқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, өзара сауда көлемін әртараптандырудың маңызын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Түркияға 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Экспорттық әлеуеттің жалпы көлемі 630 миллион доллардан асады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ екі елдің қаржы орталықтары мен цифрлық сауда платформалары арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызына тоқталды. Оның пікірінше, бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақ-түрік бизнес-форумы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге серпін береді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары