Malim.kz
Білім-ғылым

Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында 4 алтын медаль жеңіп алды

Арман Қайыпхан

Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар:

Құраманың жетекшілері: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Сергей Полянских және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Перизат Саутбекова.

JBMO – 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиада. Қатысушы елдердің қатарында Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия және басқа да мемлекеттер бар. Қазақстан бұл додаға 2004 жылдан бері қатысып келеді және дәстүрлі түрде үздіктер қатарында. Өткен жылы Түркияда өткен олимпиадада команда 6 медаль жеңіп алған болатын.

Фото: gov.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары