Malim.kz
Саясат

Қазақстан президенті Берлиннен Мюнхенге келді

• Мадияр Қапанбек
Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары аясында Берлиннен Мюнхен қаласына келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының Мюнхендегі жұмыс бағдарламасы бірқатар кездесуді қамтиды. Президент Бавария үкіметінің және Ландтагтың басшылығымен келіссөздер өткізеді. Сондай-ақ Германияның іскерлік орта өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуына қатысады. Форум аясында технология, инвестиция және екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары